Біз туралы

  • Home
  • Біз туралы
Shape Image One
Балабақша

Аянат сұлу

«Аянат - сұлу» бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауыл округі Арай елді мекенінде орналасқан. Балабақша 01.06.2012 жылы іске қосылды. Балабақшаның жобалық қуаттылығы 100 орын. Балабақша ыңғайластырылған екі ғимараттан құрылған. Балабақшада үш топ: шешінетін және қабылдау бөлмесі, оқу- ойын бөлмеден, жатын бөлмеден тұрады. Балабақшамызда асхана мен медицина бөлмелері, музыкальный зал бар.

Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі пеш арқылы қатты отынмен жылынады. Балабақша темір бетонды қорғанмен қоршалған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс бағы, әсемдік ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда.

About Us
shape image
shape image
shape image
shape image

Балабақша учаскелерінде спорт алаңы  мен әрбір топқа арналған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған.

Медицина бөлмесі балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі – дәрмекпен жабдықталған.

Балабақшада  9 педагог жұмыс атқарады, олар білімі бойынша төмендегідей:

Олардың санаттары төмендегідей:

Балалар жасы бойынша 3 топқа бөлінеді:

            Кіші  «Балапан» тобы –  25 бала

  Ортаңғы  «Бүлдіршін» тобы – 25 бала

Ересек «Қарлығаш» тобы –    25 бала

2021-2022  оқу жылының міндеттемелері

Баланы ой- өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан- жақты қалыптасқан жек тұлға тәрбиелеу мақсатында мына төмендегі міндеттерді алады:

1. «Денсаулық» білім саласы

1.Балаларды жаттығуды өздігінен дербес орындауға,әрі әуенге сәйкес сәнді қозғалыспен орындауға, ойынға ықыласпен көңілді қатысуға, денеі тік ұстап, сәнді жүруге, затты аспандата алысқа лаққтыруға,қағып алуға,жүру,жүгіру, еңбектеу, секіру, өрмелеу, тепе- теңдікті сақтауға, кеуде, аяқ бұлшық еттерін жетілдіруге, екі- екіден, төртеуден тұрып, сап түзеп жүруге үйрету. Ептілік, батылдыққа үйрету. Ойын ережесіне бағынуға, шыдамдылыққа баулу.

2.Денсаулығын нығайту, шынықтыру.

2.«Таным» білім саласы: Қоршаған әлеммен өзара іс- қимыл үшін қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген мектепке дейінгі тұлғаны қалыптастыру.Математикалық ұғымдарды жиынтық туралы түсініктерді, сандық есептеу дағдыларын жетілдіру, гометриялық пішіндер туралы түсініктерді қалыптастыруды, кеңістікті және уақытты бағдарлау, тірі және өлі табиғат заттары мен маусымдық  құбылыстар, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту, қазақ және басқа халықтардың әлеуметтік- құндылықтары, дәстүрлері мен мерекелері туралы,табиғаттың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді қамту.